Remark агенттігі британдық The Strategic Centre консалтингтік агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш меморандум аясындағы серіктестік стратегиялық маңызы бар бірнеше бағытты қамтиды.
Remark пен The Strategic Centre ынтымақтастық аясында оқыту модулін әзірлеу және білім беру курстарын, тренингтер мен семинарларды бірлесіп өткізу туралы ортақ жобаны қолға алмақ. Меморандумның мақсаты - бизнеске қолдау көрсету мақсатында стратегия, тәуекелдер, беделді басқару және PRбағыттарында бірлесіп сараптама әзірлеу.
The Strategic Centre бірлескен жоба аясында стратегиялық ойлау және көшбасшылық, тәуекел-менеджменті және басқарушылық шешімдер, трансформация үдерістері және жасанды интеллектіні енгізу сынды маңызды тақырыптарға қатысты халықаралық сараптама ұсынады.
«Біз үшін Қазақстанның тәжірибесі бірегей. Remark агенттігі сарапшыларының өз тәжірибесін басқа елдердегі серіктестерімізбен бөліссе деген жоспарымыз бар, бұл баршаға пайдалы боларына сенімдімін. Ал өз тарапымыздан біз қазақстандық компанияларға барынша пайдалы болуға қашанда дайынбыз», — деп атап өтті The Strategic Centre жетекшісі, профессор Абрахам Алтонайан.
Remark агенттігі халықаралық жоба аясында медиа, коммуникациялар және беделді басқару саласына қатысты өз тәжірибесімен бөлісіп, сараптама ұсынады. Бұл бірлескен жоба Қазақстан мен Ұлыбританияда ғана емес, әлемнің өзге елдерінде де халықаралық деңгейдегі сарапшылар, оқыту курстарының қатысушылары мен клиенттер үшінжаңа мүмкіндіктерге жол ашатын алаңға айналады деген үміттеміз.
«Агенттіктің қазіргі серіктестері мен жобаға қатысуға ниет танытар басқа да қатысушылардың халықаралық сараптамаларға қол жеткізіп, британдық үлгідегі сертификатты иеленуі, аталмыш жоба арқылы білім алу мүмкіндігіне ие болатыны біз үшін аса маңызды. Бұл меморандум аясында іске қосылатын жоба кәсіби тұрғыдан өсуге жаңа мүмкіндіктер ашары сөзсіз», - деді Remark беделді басқару агенттігінің директоры Ольга Альтфатер.
Аталмыш жобаға Remarkагенттігінің серіктестері, сондай-ақжобаға қызығушылық танытқан кез келген компания қатыса алады.
The Strategic Centre – әлемдік нарықта 10 жылдан астам тәжірибесі бар консалтингтік компания. Компания серіктестерінің басым бөлігі Ұлыбритания, АҚШ, Канада, ЕО елдері және Австралиядағы университеттермен, колледждермен, институттармен және мектептермен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Осы аралықта TSC серіктестерімен бірлесіп Орталық Азия, Азия (Малайзия және Индонезия), Таяу Шығыс және Африка елдерінен 9000-нан астам маманды оқытты.
Начало формы
Конец формы