Сот процесі кезінде журналист Ботагөз Омарға судьяның тіл шығарғаны бейнежазбаға түсіп қалған. Ақыры судьядан күтпеген әрекеттің талқысы атышулы оқиғаға қатысты істің өзінен де асып түскенге ұқсайды. Тіпті судьяның бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын мем жасауға шабыттандырып жіберген. Сонымен, судьяның оғаш әрекеті бүкіл сот жүйесінің беделіне қаншалықты соққы болғанын талдап көрейік.
Жалпы қоғамда судьялардың бейнесі қатал мінезді, әділдік пен заң сақшысы ретінде қалыптасқан. Ал атышулы сот процесінде сот өкілінің оғаш әрекеті бұл архетипті бір мезетте жоққа шығарып отыр. Қоғам судьяның мұндай әрекетін азаматтық бақылауды жоққа шығару ретінде де қабылдауы ықтимал.
Баспасөз қызметінің реакциясы
Соттың баспасөз қызметі тез арада хабарлама жасап, тексеріс басталғанын және оған қатысты материалдардың Судьялық әдеп кодексі жөніндегі комиссияға берілуі мүмкін екенін жеткізді.
«Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына қастандық жасау ісін қарау барысында төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың әрекеттері Судьялық әдеп кодексін бұзу дерегі бойынша тексеріледі», – деп хабарлаған соттың баспасөз қызметі (дереккөз: malim.kz).
Құрғақ жауаппен шектелудің салдары
Ресми тұрғыдан алып қарағанда бұл дұрыс қадам. Алайда сот жүйесінің құндылықтары барынша көрсетіле қоймаған мұндай құрғақ жауап көп жағдайда кезекті бюрократиялық хат алмасу сынды қабылданады.
Өйткені бұл оқиғада нақты факті бар, яғни судьяның тіл шығарған сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Сондықтан әдеп комиссиясының тексерісі аяқталып, судьяға қандай да бір жаза қолданылғанын күтпей, журналист пен қоғамға шынайы кешірім жеткізу әбден орынды болар еді.
Бұл кейстен түйетін сабақ

- Бренд өкілінің (бұл жағдайда судья – шартты түрде «сот жүйесі» брендінің өкілі) бір ғана әрекеті не сөзі тұтас құрылымның беделіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.
- Осы сипаттағы дағдарыс кезінде құрғақ жауаппен шектелуден гөрі ашықтық пен шынайылық әлде қайда тиімді
- Сот жүйесінің міндеті – тек кінәліні жазаға кесумен шектелмейді, сондай-ақ ол қоғам мен билік арасындағы өзара құрметті дәріптей отырып, коммуникация мәдениетін қалыптастырады.